- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
- Реализация Посланий Главы государств Республики Казахстан
- Бөлім туралы
- Байланыс ақпараты
- Жаңалықтар
- 2018 жылға арналған жұмыс міндеттері
- Бөлімнің жұмысы
- «Саран қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ құзыреті
- Қаланың басшылары
- Қала туралы
- Сурет галереясы
- Мемлекеттік сатып алулар
- Сілтемелер
- Халықпен жұмыс
- Мемлекеттік қызметтер көрсету
- Ар-намыс кодексі
- Қазақстан Республикасының Жер кодексі
- Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезектілік тізімі
- Сенім телефоны
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері
- Сыйбалас жемқорлық бойынша құқықбұзған тұлғалар туралы ақпарат
- Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ
- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы
- Өзінең баста
- Жер заң бойынша
- Жерлерді тексеру кестесі
- Саран қаласында бизнес жүргізу үшін бос жер учаскесінің бірыңғай реестрі
- Жер учаскелерінің шешемі туралы
Облыс жаңалықтары
13 Тамыз 2019Бірнеше елдің музыканттары Ұлытауда өтетін «Жезкиік» Халықаралық фестивалінде тағы да бас қосады
Қарағанды облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында екінші рет «Жезкиік» халықаралық музыкалық фестивалі ұйымдастырылады. Ол 24 тамызда Қазақстанның тарихи киелі жері – Ұлытау жерінде өтеді.
Фестиваль қонақтары мен қатысушылары үшін арнайы Болатсай аймағында этноауыл салынады. Аумақта үлкен сахна, киіз үйлер, ойын алаңдары, алтыбақан, сауда шатырлары, қолөнер бұйымдары ұсынылатын шатырлар, шағын сәндік мүсіндер орналасқан.
ІІ «Жезкиік» музыка фестивалінде Италия, Испания, Венгрия, Сербия және Қазақстан музыканттары мен фольклорлық ұжымдары өнер көрсетеді. Сахнаға Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің жетекші солистері шығады, «Тоқырауын толқындары» халық ән және би ансамблінің әртістері, халық әндерінің орындаушылары қатысты.
Фестиваль күні ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Аманжол Әлтаев пен Сара Тоқтамысованың қатысуымен «Ұлы дала дүбірі» атты ақындар айтысы өтеді.
«Жезкиік» қатысушылары мен қонақтарына қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері тұсаукесер, бесікке салу, беташар және т.б. көрсетіледі.
Этнофестиваль атауы киіктерді қорғаушы - қасиетті Жезкиікпен байланыстырылған. Ол киіктердің табынына қамқорлық етеді, оларды аштықтан және зұлым аңшылардан қорғайды. Халық арсында тараған сенімге сәйкес, егер адам өз жолында қасиетті Жезкиікті кездестірсе, онда оның өімірі міндетті түрде өзгереді. Оның жүрегіне махаббат және шабыт ұялап, жаңа күш пен пайда болады.
Жезкиік және ол туралы ежелгі аңыздармен рухтандырылған дала ақындары ол туралы ән шырқап, ал композиторлар дала күйлерін жазған. Қасиетті жануарды көру бақыты бұйырған адамдардың бірі ақын Кәкімбек Салықов болды. Ол кең байтақ далада керемет Жезкиікті көріп, оның сұлулығына таң қалған. Жезкиікке ақын өзінің керемет өлеңін арнаған. Көптеген композиторлар осы өлең шумақтарына арнап музыка жазған. Алайда зағип композитор Жақсыгелді Сейіловтің әуені ғана бұл әнді шын мәнінде аңызға айналдырды.
«Жезкиік» әні осы мекенде, Жезқазғанда, қазақ даласында дүниеге келген. Сондықтан дәл осы киелі жануар туралы композиция фестивальдің әнұранына айналған.
«Жезкиік» екінші халықаралық музыкалық фестивалінің қатысушылары:
Этно-топтар - «MORESCA NOVA» (Италия), «CARMEN GUERRERO FLAMENCO» (Испания), «SerbianAbrasevicband» (Сербия), «Dunajbanda» (Венгрия), «Hassak» (Алматы қ.), «Акку» фольклорлы-хореографиялық ансамблі, NOMAD STUNTS ат-каскадерлік шоуы, Тәттімбет атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі, «Тоқырауын толқыңдары» халық ән және би ансамблі.
Солистер Сержан Мұсайын, Дәуренбек Әркенов, Гүлмира Тапай, Жәмиля Баспақова (сопрано, Алматы қ.), Айгүл Үлкенбаева (күйші, Алматы қ.), Жанғали Жүзбаев (күйші, Нұр-Сұлтан қ.), Секен Тұрысбеков (күйші, Нұр-Сұлтан қ.), Тұрар Әліпбаев (күйші, Нұр-Сұлтан қ.), Жарас Сатыбалдиев (күйші, Алматы қ.)
Дәстүрлі әндер орындаушылары – Айгүл Қосанова, Асқар Мұқият, Амангелді Күзебай, термеші Ұлжан Байбосынова, жыршы Ерболат Шалдыбеков, Аманжол Әлтаев, Сара Тоқтамысова.
Кешке гала-концертте «Арлан» ұлттық дәстүрлер театрының әртістері, қазақстандық эстрада жұлдыздары – Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болманов, аты аңызға айналған «Дос Мұқасан» тобы, «Ұлытау» және Alatau Serileri топтары, «Алтын батыр» степ-тобы өнер көрсетеді.
Вернуться назад