- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
- Реализация Посланий Главы государств Республики Казахстан
- Бөлім туралы
- Байланыс ақпараты
- Жаңалықтар
- 2018 жылға арналған жұмыс міндеттері
- Бөлімнің жұмысы
- «Саран қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ құзыреті
- Қаланың басшылары
- Қала туралы
- Сурет галереясы
- Мемлекеттік сатып алулар
- Сілтемелер
- Халықпен жұмыс
- Мемлекеттік қызметтер көрсету
- Ар-намыс кодексі
- Қазақстан Республикасының Жер кодексі
- Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезектілік тізімі
- Сенім телефоны
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері
- Сыйбалас жемқорлық бойынша құқықбұзған тұлғалар туралы ақпарат
- Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ
- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы
- Өзінең баста
- Жер заң бойынша
- Жерлерді тексеру кестесі
- Саран қаласында бизнес жүргізу үшін бос жер учаскесінің бірыңғай реестрі
- Жер учаскелерінің шешемі туралы
Қала жаңалықтары
Азаматтарға арналған үкімет мегаполистерде қосымша ХҚО ашады
13 Тамыз 22:15
Елімізде халыққа қызмет көрсететін орталықтардың саны артады. Бұл туралы фейсбук парақшасында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева мәлімдеді. Жаңа фронт-офистер халық көп шоғырланған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында ашылады.
«Мегаполистердегі халықтың өсуі жедел шаралардың қабылдануын талап етеді. Жарты жылдың өзінде Алматы мен Нұр-Сұлтан шаһарларында ғана 3,5 млн қызмет көрсетілген. Тамыз айының соңына дейін біз астанамыз бен Алматыда қосымша бір-бір халыққа қызмет көрсету орталықтарын ашатын боламыз. Оған қоса, Алматы қаласындағы Алатау ауданындағы ХҚО бір айлық үзілістен кейін қайтадан өз қызметін жандандырды», – делінген әлеуметтік желідегі жазбада.
Оған қоса, еліміздегі мамандандырылған ХҚО саны артатын болады. Мәселен, Алматы қаласында алтыншы автоХҚО ашылса, оған жақын жатқан Талғар және Қарасай аудандарында тағы бір-бір орталық іске қосылады. Әсемгүл Серікқызының айтуынша, жаңа орталықтар тамыз-қыркүйек аралығында ашылады. «Ең үлкен автобазар осы мегаполисте, жақын жатқан облыс тұрғындары сонда барып көліктерін сатып, жаңасын алып, тіркеу рәсімдерін де сонда жасатады. Жарты жыл ішінде Қазақстанда көлік секторы бойынша көрсетілген қызмет саны 1,5 млн жуық болса, оның 24 пайызы Алматыға тиесілі», – деп атап өткен Ә.Балташева өз парақшасында.
Оған қоса жазбада Шымкент қаласында да мамандандырылған ХҚО іске қосылады делінген. Осылайша, бұл шаһарда қыркүйек айынан бастап 3 автоХҚО қызмет көрсете бастайды.
Бүгінде Қазақстанда 328 фронт-офис жұмыс істейді, көрсетілетін қызмет түрлеріне қарай олар ХҚО, цифрлықХҚО, көші-қон ХҚО-сы, мамандандырылған ХҚО-лар болып жіктеледі. Жыл басынан бері алты ай ішінде онда қазақстандықтарға 15 млн қызмет көрсетілген.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев азаматтарға қызмет алу кезінде барынша ыңғайлы жағдай жасау үшін жаңа ХҚО-ларды, әсіресе, мамандандырылған ХҚО-ларды ашу мүмкіндігін қарастыруды тапсырған болатын.