Бөлім туралы
Байланыс ақпараты
Жаңалықтар
2017 жылға арналған жұмыс міндеттері
Бөлімнің жұмысы
«Саран қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ құзыреті
Қаланың басшылары
Қала туралы
Фотогалерея
Мемлекеттік сатып алулар
Мемлекеттік қызметтер көрсету
Сілтемелер
Қарым-қатынас
Халықпен жұмыс
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Ар-намыс кодексі
Қазақстан Республикасының Жер кодексі
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезектілік тізімі
Сенім телефоны
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы
Жер заң бойынша
Өзінең баста
Жерлерді тексеру кестесі
Саран қаласында бизнес жүргізу үшін бос жер учаскесінің бірыңғай реестрі
 
 
 

 
Жаңалықтарының таратуға жазылу

Имидж  гос службы

ГлавнаяБөлімнің жұмысы

Бөлімнің жұмысы



«Саран қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ 2016 жылғы есебі

«Саран қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ-не 2012 жылы жер учаскелеріне құқық ресімдеу бойынша қала әкімінің атына 472 өтініш түсті. Барлық өтініштер қолданыстағы заңнама сәйкес қаралды. Бөлім өтініштердің жалпы санынан 332 қаулы дайындады және Саран қаласының әкімдігімен қабылданды, солардың негізінде жер учаскелерін сатып алу-сату, жалдау және жалдау құқығын сатып алу шарттары жасалады, шарттарды тіркеу және беру, сондай-ақ төлем құнын есептеу жүзеге асырылады. Есепті кезеңде жер учаскелерін жалдау, жер учаскелерін сатып алу, жер учаскелерін жалдау құқығын сатып алу туралы 353 шарт жасалды.
Жерлерді сатудан және жалға беруден түсетін барлық қаражат Саран қаласының салық комитеті есебінен жергілікті бюджетке түседі. Бұдан басқа, «Саран қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ ай сайын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес салық басқармасына жасалған сатып алу-сату және уақытша өтеулі жер пайдалану шарттары туралы мәлімет жолдайды.
Саран қаласы бойынша салық басқармасымен бірлесіп жер учаскелерінің иелерімен (жер пайдаланушылармен) оларға меншікке (уақытша жер пайдалану) берілген жер учаскелеріне шарттар бойынша төлемеу нәтижесінде қалыптасқан берешекті өндіріп алу бойынша жұмыс жүргізіледі.
«Саран қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ халыққа қызмет көрсету орталығы: «Қарағанды облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының Саран қалалық бөлімімен бірлесіп халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысты жүзеге асырады, жер учаскелеріне мемлекеттік актілерді беруді жүргізеді. 2012 жыл ішінде жер учаскелеріне жеке меншік құқығына, тұрақты жер пайдалану құқығына, уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына, уақытша өтеулі (ұзақ мерзімдік, қысқа мерзімдік) жер пайдалану (жалдау) құқығына 505 акті берілді.
Сондай-ақ, «Жұмыс тобын құру туралы» Саран қаласы әкімінің 2012 жылғы 15 наурыздағы № 11-ө өкімімен жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер учаскелеріне түгендеу жүргізу бойынша жұмыс тобы құрылды, соның жұмысының нәтижесінде 2005-2012 жылдар аралығында жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген 62 жер учаскесі тексерілді, соның: 32 – игерілген, 5 – жоқ (бес игерілмеген жер учаскесі бойынша Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы» ММ материалдар жолданды). 25 жер учаскесі бойынша екі жылда бастапқы игеру мерзімі өткен жоқ.
Объектілер құрылысы үшін берілген 17 жер учаскесін түгендеу бойынша жұмыс жүргізілді, солардың шініде 12 материал Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы» ММ жолданды, Саран қалалық сотының шешімімен 3 жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды.
«Саран қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ алдында 2013 жылы келесі міндеттер тұр:
- жер қатынастары саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
- жерлерді оңтайлы пайдалану және қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу;
- жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту.
2012 жылғы 14 желтоқсанда еліміздің Президенті «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жария етті, онда 21 ғасырдың 10 жаһандық сын-қатерін көрсетті. Әсіресе, алтыншы сын-қатер - табиғи ресурстардың сарқылуы – ол «Бізге өз табиғи байлықтарымызға деген көзқарасымызды ой елегінен өткізудің принципті маңызы бар. Біз оларды сатудан қазынамызға кіріс құя отырып, оларды дұрыс басқаруды, ең бастысы, еліміздің табиғи байлығын орнықты экономикалық өсуге барынша тиімді кіріктіруді үйренуіміз керек» деп ерекше атап айтты.
Ертеңгі күніміз өз қолымызда, сондықтан Мемлекет басшысы, Ұлт көшбасшысы – Н.Ә. Назарбаев алға қойған стратегиялық міндеттерді орындауға барлық күш-жігерімізді жұмылдырып, белсене жұмыс істеуіміз керек.
 

 

...

Құрметті әріптестер!

Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанында азаматтарға, мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ басқа да тұлғаларға мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері бойынша кеңес беру және ақпараттандыру жүйесін дамыту мен таратуды ұйымдастыру мақсатында 1494 Call-center (Кеңес беру орталығы) құрылып қызмет көрсетуде. Бұл туралы толық ақпаратпен Агенттіктің anticorruption.gov.kz  сайтынан танысуға болады.

Кеңес беру орталығына қоңырау бүкіл республика бойынша қалалық  телефон мен ұялы байланыс операторлары арқылы абоненттермен «1494» (қоңыраулар тегін) нөмірін теру бойынша жүзеге асырылады. Сонымен бірге, азаматтардың электронды өтініштері мен арыздары 1494 kz Порталына қабылданады.

Кеңес беру орталығының басты міндеті мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау, тұрғындарға сапалы құқықтық көмек көрсету және азаматтардың, сонымен қатар өзге де мүдделі тұлғалардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру болып табылады. 

Осы міндеттерді жүзеге асыру барысында Орталық қызметкерлері тұрғындарға заңнама нормаларын және мемлекеттік қызметтердің ұсынылу тәртібін түсіндіреді, сонымен бірге азаматтардың сыбайлас жемқорлық сипатындағы өтініштерін қабылдайды.




 


 

 

Саран қаласында жер қатынастарын дамыту деңгейін бағалаңыз?
Берілген сауалдар мұрағаты

Ауа-райы
Астана 23
Саран 20
Қарағанды 19

Валютаның бағамы
 
Доллар (АҚШ)     330.67
      
Евро        350.38
 
Ресей рублі рубль        444.72



Қантар, 2018
ДНСНСРБНЖМСБЖБ
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031