«Саран қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ ресми сайтына қош келдіңіздер. WEB-сайт Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметін» дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес ашылды және оның басты мақсаты мемлекеттік басқару және әлеуметтік-маңызды мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерінің сапасын және тиімділігін арттыру болып табылады.
Сіздер біздің сайтта пайдалы ақпарат ала аласыздар, өз пкірлеріңізді айтып, толғандыратын сұрақтарыңызды қоя аласыздар.
Құрметпен «Саран қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы Кайырбек Данияр
Құрметті әріптестер!
Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанында азаматтарға, мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ басқа да тұлғаларға мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері бойынша кеңес беру және ақпараттандыру жүйесін дамыту мен таратуды ұйымдастыру мақсатында 1494 Call-center (Кеңес беру орталығы) құрылып қызмет көрсетуде. Бұл туралы толық ақпаратпен Агенттіктің anticorruption.gov.kz сайтынан танысуға болады.
Кеңес беру орталығына қоңырау бүкіл республика бойынша қалалық телефон мен ұялы байланыс операторлары арқылы абоненттермен «1494» (қоңыраулар тегін) нөмірін теру бойынша жүзеге асырылады. Сонымен бірге, азаматтардың электронды өтініштері мен арыздары 1494 kz Порталына қабылданады.
Кеңес беру орталығының басты міндеті мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау, тұрғындарға сапалы құқықтық көмек көрсету және азаматтардың, сонымен қатар өзге де мүдделі тұлғалардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру болып табылады.
Осы міндеттерді жүзеге асыру барысында Орталық қызметкерлері тұрғындарға заңнама нормаларын және мемлекеттік қызметтердің ұсынылу тәртібін түсіндіреді, сонымен бірге азаматтардың сыбайлас жемқорлық сипатындағы өтініштерін қабылдайды.